Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
ҚКЖАА логотипі
Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасыИ. С. Жекенова атындағы · Алматы

Барлық бөлімшелер / 4 бөлімше

АУРУХАНА БӨЛІМШЕСІ

4 бөлімше

Шаруашылық есеп бөлімшесі созылмалы жұқпалы аурулары бар науқастарды емдеу үшін, 20 керуетке есептелген.

Бөлімше ұжымы ↓
4 бөлімше
И. С. Жекенова атындағы ҚКЖАА · Алматы

КӨМЕК ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕР

Бөлімше туралы

Шаруашылық есеп бөлімшесі созылмалы жұқпалы аурулары бар науқастарды емдеу үшін, 20 керуетке есептелген. 1-2 жергілікті жоғары жайлылық палаталары бар. Әр палатада, әр керуетке жеткізілетін оттегі консольдері бар. Палаталар функционалды кереуеттермен, тұрмыстық техникамен, душ кабинасы бар жуынатын бөлмемен, медициналық қызметкерлерді шұғыл шақыру түймесімен жабдықталған.

Бөлімше жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығы және «Изатима Жекенова атындағы ҚКЖАА ақылы қызметтер көрсету туралы ереже» негізінде ақылы қызметтер көрсетеді.

Бөлімше зооноздар (бруцеллез, листериоз, иерсиниоз), герпетикалық инфекциялар (Эпштейн-Бара вирусы, қарапайым герпес, цитомегаловирустық инфекция), созылмалы вирустық гепатиттер, гельминтоздар және т.б. сияқты жұқпалы аурулардың көптеген түрлерін емдейді. Сарғаю синдромымен (холестаз), лимфоаденопатиямен, безгек-улану синдромымен жүретін аурулардың дифференциалды диагностикасы жүргізіледі. Науқастардың қалауы бойынша басқа дажіті жұқпалы ауруларды емдеу жүргізіледі.

Бөлімшеде зертханалық диагностиканың келесі түрлері жүргізіледі: жалпы клиникалық, гематологиялық, биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, бактериологиялық, ПТР зерттеулер, иммунохемилюминисценттік. Аспаптық зерттеудің келесі түрлері жүргізіледі: ЭКГ, УДЗ, ЭхоКГ, аяқ-қолтамырларының УДДГ, компьютерлік томография, рентгенография, ФГДС, ректороманоскопия. Қажет болған жағдайда қажетті мамандармен және университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамымен консультациялар өткізіледі.

Күндізгі стационар жағдайында контагиозды емес жұқпалы ауруларды емдеу үшін жағдайлар жасалған. Науқастарды амбулаториялық қабылдау кабинеті жұмыс істейді. Ақылы негізде де, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету шарты бойынша, қаланың емханаларынан жолдама бойынша да, инфекциялық науқастарға амбулаториялық консультация және емдеу жүргізіледі.

Бөлімшеге түскен кезде науқаспен ақылы негізде ауруды емдеу бойынша, қызметтер көрсету туралы шарт жасалады және қол қойылады.

Бөлімшеде жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды емдеу және күту дағдыларына үйретілген жоғары кәсіби ұжым жұмыс істейді. Бөлімшеде аймақтылық, қызметкерлерді жеке қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық режим шаралары сақталады.

МАМАНДАР ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

Бөлімше мамандары

Бөлімше маманы

Бөлімше меңгерушісі —Уалиева Сая Туркистановна

Бөлімше маманы

Кушенова Дамира Әділханқызы жоғары санатты инфекционист дәрігер. Жұмыс өтілі 30 жылдан астам. 1990 жылдан бастап БЖКБ-да жұмыс істейді. ҚР Денсаулық сақтау үздігі.

Бөлімше маманы

Бөлімшенің аға медбикесі — Муталипова Аида Садықжанқызы, жұмыс өтілі 16 жыл. Жоғары біліктілік санаты бар.

Бөлімше маманы

Бөлімшенің шаруашылық бикесі — Даданбекова Анаргул Есиркеновна, ҚКЖАА-да 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.

Прайс

Наименование услугЕдиница измеренияСумма (тг.)
Консультация доктора медицинских наук профессора1 прием10000
Консультация кандидата медицинских наук доцент1 прием7000
Консультация инфекциониста высшей категории1 прием5000
Консультация невропатолога высшей категории1 прием5000
Консультация гастроэнтеролога высшей категории1 прием5000
Повторное консультация доктора медицинских наук профессора1 прием7000
Повторное консультация кандидата медицинских наук доцент1 прием5000
Повторное консультация инфекциониста высшей категории1 прием3500
Повторное консультация невропатолога высшей категории1 прием3500
Повторное консультация гастроэнтеролога высшей категории1 прием3500
Справка от инфекциониста высшей категории1 прием3500

Приемно-консультативное отделение Городской клинической инфекционной больницы им. И.С. Жекеновой г. Алматы круглосуточно оказывает неотложную консультативно-диагностическую и стационарную помощь больным с инфекционными заболеваниями.

Алматы қаласы, 2026. Барлық құқықтар қорғалған.