Барлық өңір тұрғындарынаҚала және басқа қала тұрғындарын қабылдау
ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ
Көмек кеңес беруден басталады.
Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында науқастарды амбулаториялық қабылдауға арналған кабинет құрылды, кабинет 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.
Амбулаториялық-емханалық көмек шеңберінде қосалқы мердігерлік шарт бойынша, ақылы негізде, сондай-ақ қала емханаларынан жолдама бойынша да инфекциялық науқастарға амбулаториялық кеңес және емдеу жүргізіледі. Кеңес тек қала тұрғындарына ғана емес, басқа қалалықтарға да беріледі.
Қабылдауды ұйымдастыру
Амбулаториялық кабинет инфекциялық бөлімшелерден бөлек орналасады және өзінің кіреберісі болады, бұл стационардың науқастарымен байланысын болдырмайды. Клиникалық-диагностикалық орталықта аймақтылық, санитарлық-эпидемияға қарсы режим сақталады.
ОРТАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Кеңес беруден әрі қарай емдеуге дейін.
01 / КЕҢЕС БЕРУ
Жұқпалы аурулар
Амбулаториялық кабинетте бруцеллезбен, герпестік инфекциямен, (бөртпе, инфекциялық мононуклеоз, қарапайым герпес және т.б.), зооноздық инфекциялармен (листериоз, иерсиниоз және т. б.), COVID-19, созылмалы гепатиттермен, паразитологиялық аурулармен (дирофиляриоз, описторхоз, лямблиоз) және т. б. көптеген жұқпалы аурулармен ауратын науқастарға кеңес жүргізіледі.
02 / МАМАНДАР
Бейінді көмек
Қажет болған жағдайда бейінді мамандармен кеңесу мүмкіндігі бар: невропатолог, кардиолог, терапевт, хирург. Сондай-ақ, жұқпалы аурулар кафедрасының профессорлары мен доценттерінен кеңес беріледі.
03 / ТЕКСЕРУ
Диагностика және күндізгі стационар
Жұқпалы ауруды уақтылы анықтау үшін қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар. Емшара кабинеті бар. Ақылы күндізгі стационар жағдайында контагиозды емес жұқпалы ауруларды емдеу үшін жағдайлар жасалған.
Қажет болған жағдайда — ауруханаға жатқызу
Қажет болған жағдайда науқасты инфекциялық бөлімшеге жатқызу жүргізіледі. Шұғыл жағдайдағы науқастар қабылдауға жүгінген кезде, шұғыл емдеуге жатқызу жүргізіледі. Сондай-ақ, ақылы бөлімде емделуге мүмкіндік бар.
ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
Кушенова Дамира Әділханқызы
Жоғары санатты инфекционист дәрігер
Жұмыс өтілі 30 жылдан астам1990 жылдан бастап ҚКЖАА-даҚР Денсаулық сақтау үздігі