5 бөлімше

Инфекциялық бөлімше 30
төсекке арналған. Бөлімшеде 2–3 орындық палаталар бар, олар оттегі
консольдерімен, функционалды кереуеттермен, тұрмыстық техникамен, душы бар
санитарлық тораппен және медицина қызметкерлерін шұғыл шақыру батырмасымен
жабдықталған.
ТМККК аясында жүктіліктің
28 аптасына дейінгі әйелдерді ауа-тамшылы жолмен берілетін инфекциялармен
(ЖРВИ, тұмау, пневмония) емдеу жүргізіледі.
Бөлімшеде келесі
зертханалық диагностика түрлері қолданылады: жалпы клиникалық, гематологиялық,
биохимиялық, бактериологиялық. Сондай-ақ келесі аспаптық зерттеулер
жүргізіледі: ЭКГ, УДЗ, ЭхоКГ, аяқ тамырларының УЗДГ, компьютерлік томография,
рентгенография. Қажет болған жағдайда арнайы мамандар мен университеттердің
профессорлық-оқытушылық құрамынан кеңестер жүргізіледі.
Бөлімшеде жүктіліктегі әйелдерді
жүргізу, емдеу және күтім жасау дағдылары бар жоғары білікті ұжым жұмыс
істейді. Бөлімшеде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режим сақталады.
Перуза Жаймухановна Арыкова – бөлім меңгерушісі, жоғары біліктілік санатты жұқпалы аурулар дәрігері. Еңбек өтілі 29 жыл. 2010 жылдан бастап ҚКЖАА-да жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Аяна Мүсілімқызы Мелдебекова – жұқпалы аурулар дәрігер.
Курманова Айнур Сериковна — бөлімшенің аға-мейірбикесі
Луиза Смагуловна Кокберлова – бөлімшенің шаруа-бикесі, 2020 жылдан бастап ҚКЖАА-да жұмыс істейді.