2025 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелеріне арналған маңызды кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Балаева, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары Н.Абдрахым қатысты.
Кеңеске Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының атынан директор Айгуль Абдрахманова, қабылдау-кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Н. Сапаркұл және 5-бөлімшенің дәрігері А.Мелдебекова қатысты. Кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша барлық медициналық ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, жүйелі жұмыс жүргізу қажеттілігі атап өтілді.
Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы қойылған міндеттерді орындау, сондай-ақ халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қағидаттары мен артықшылықтарын түсіндіру бағытында белсенді әрі мақсатты түрде жұмысын жалғастыруда.


