«Әділет» партиясы өкілдерінің біздің ұжыммен кездесуі.
Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттардың Изатима Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Диалог барысында партия өкілдері қалалық денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, өздерінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері кандидаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, медициналық мекеменің күнделікті жұмысы мен қаланың денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Келіп түскен барлық өтініштер одан әрі пысықтау үшін партия өкілдері тарапынан тіркеуге алынды.
Кездесу соңында «Әділет» партиясының кандидаттары аурухана ұжымына күнделікті еңбектері үшін алғыс айтып, медицина қызметкерлерін алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.





