Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы
И.С Жекенова

Клиникалық-диагностикалық орталық.

           Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында науқастарды амбулаториялық қабылдауға арналған кабинет құрылды, кабинет 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.

          Амбулаториялық-емханалық көмек шеңберінде қосалқы мердігерлік шарт бойынша, ақылы негізде,  сондай-ақ қала емханаларынан жолдама бойынша да инфекциялық науқастарға амбулаториялық кеңес және емдеу жүргізіледі. Кеңес тек қала тұрғындарына ғана емес, басқа қалалықтарға да беріледі.

           Амбулаториялық кабинет инфекциялық бөлімшелерден бөлек орналасады және өзінің кіреберісі болады, бұл стационардың науқастарымен байланысын болдырмайды. Клиникалық-диагностикалық орталықта аймақтылық, санитарлық-эпидемияға қарсы режим сақталады.        

            Амбулаториялық кабинетте бруцеллезбен, герпестік  инфекциямен, (бөртпе, инфекциялық мононуклеоз, қарапайым герпес және т.б.), зооноздық инфекциялармен (листериоз, иерсиниоз және т. б.), COVID-19, созылмалы гепатиттермен, паразитологиялық аурулармен (дирофиляриоз, описторхоз, лямблиоз) және т. б. көптеген жұқпалы аурулармен ауратын науқастарға кеңес жүргізіледі.

           Қажет болған жағдайда бейінді мамандармен кеңесу мүмкіндігі бар: невропатолог, кардиолог, терапевт, хирург. Сондай-ақ, жұқпалы аурулар кафедрасының профессорлары мен доценттерінен кеңес беріледі.

           Жұқпалы ауруды уақтылы анықтау үшін қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар. Емшара кабинеті бар. Ақылы күндізгі стационар жағдайында контагиозды емес жұқпалы ауруларды емдеу үшін жағдайлар жасалған.

           Қажет болған жағдайда науқасты инфекциялық бөлімшеге жатқызу жүргізіледі. Шұғыл жағдайдағы науқастар қабылдауға жүгінген кезде, шұғыл емдеуге жатқызу жүргізіледі. Сондай-ақ, ақылы бөлімде емделуге мүмкіндік бар.

           Қабылдауды жоғары санатты инфекционист дәрігер Кушенова Дамира Әділханқызы жүргізеді. Жұмыс өтілі 30 жылдан астам. 1990 жылдан бастап ҚКЖАА жұмыс істейді. ҚР Денсаулық сақтау үздігі.

Консультативтік-диагностикалық орталықтың жұмыс режимі

Күн сайын сағат 8:00 – 17:00, сенбі, жексенбі – демалыс.