2 бөлімше

Жедел ішек инфекциялары бөлімі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келеді, 70 төсекке арналған, 3–4 орындық палаталардан тұрады. Әр палатада науқастардың жайлы емделуіне қажетті жағдайлар жасалған. Палаталар функционалды кереуеттермен, тұрмыстық техникамен, душы бар санитарлық тораппен жабдықталған. Бөлімшеде қарқынды терапия палатасы бар, ол кардиомониторлармен, инфузоматтармен, перфузорлармен, оттегі консольдерімен жабдықталған. Палаталарда медицина қызметкерлерін шұғыл шақыру батырмасы бар.
Бөлімшеде ТМККК аясында бактериалды ішек инфекциялары бар науқастарға (сальмонеллез, шигеллез, эшерихиоз, кампилобактериоз, тағамдық токсикоинфекциялар, псевдотуберкулез, иерсиниоз, іш сүзегі, холера және т.б.) ем жүргізіледі; вирустық ішек инфекцияларымен (ротавирустық, аденовирустық, энтеровирустық диареялар және т.б.) науқастар емделеді. Ішектің микробиоценозының түрлі генездегі бұзылыстарының дифференциалды диагностикасы жүргізіледі. Сонымен қатар ботулизм сияқты басқа бактериоздар, сондай-ақ зоонозды инфекциялар (листерез, иерсиниоз) кезінде де ем жүргізіледі.
Ауру қоздырғыштарының көптеген түрлерін этиологиялық анықтау үшін келесі зертханалық зерттеулер жүргізіледі: бактериологиялық (қолмен және автоматтандырылған әдістер), вирусологиялық, иммунологиялық, ПТР зерттеулері.
Диагностика жүргізу үшін қосымша зерттеу әдістері қолданылады: іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі, ректороманоскопия, іш қуысының компьютерлік томографиясы, фиброгастродуоденоскопия.
Бөлімшеде ішек инфекциялары бар науқастарды жүргізу, емдеу және күтім жасау бойынша дағдылары бар жоғары кәсіби мамандар жұмыс істейді. Профессорлар мен доценттер қатысуымен ҚРМУ инфекциялық аурулар кафедрасымен бірлескен консультациялар мен консилиумдар жүргізіледі. Бөлімшеде аймақтандыру қағидалары, қызметкерлердің жеке қорғаныс шаралары және санитарлық-эпидемиологиялық режим қатаң сақталады.
Салтанат Бейсенбаевна Айбосынова – бөлім меңгерушісі, жоғары біліктілік санатты жұқпалы аурулар дәрігері, еңбек өтілі 19 жыл. 2006 жылдан бастап ҚКЖАА-да жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Бөлім дәрігерлері:

Эльнара Талғатқызы Турдалы – жұқпалы аурулар дәрігері.
Марина Николаевна Демина – бөлімшенің аға-мейірбикесі, еңбек өтілі 30 жыл. 1991 жылдан бастап ҚКЖАА-да жұмыс істейді. Жоғары біліктілік санаты және мейіргер ісі бойынша бакалавр дәрежесі бар. Бостандық ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Айгуль Кайсановна Куатжанова – бөлімшенің шаруа-бикесі, 2009 жылдан бастап ҚКЖАА-да жұмыс істейді. Пандемия кезеңінде COVID-19-ға қарсы күрестегі еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған.