3 бөлімше

Дифференциалды-диагностикалық бөлімше 30 төсекке арналған. 3–4 орындық палаталар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орналасқан, оттегі консольдерімен жабдықталған. Жайлы палаталар функционалды кереуеттермен, тұрмыстық техникамен, душы бар санитарлық тораппен қамтамасыз етілген. Әр палатада медицина қызметкерлерін шақыру батырмасы бар. Қарқынды терапия палатасы кардиомониторлармен, инфузоматтармен, перфузорлармен жабдықталған.
Бөлімшеде вирустық гепатиттер, қызылшаның қабынуы, бруцеллезбен ауыратын науқастарға ем жүргізіледі. Уақтылы анықтау үшін зертханалық және аспаптық диагностиканың кең спектрі қолданылады. Зертханалық әдістердің ішінде серологиялық және иммунологиялық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар ИФА, ПТР, гепатиттерге арналған биохимиялық диагностика толық көлемде қолжетімді.
Қолданылатын аспаптық зерттеу түрлері: компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеу, рентгенография, электрокардиография, ЭФГДС. Қажетті мамандардың кеңестері жүргізіледі.
Бөлімшеде жоғары білікті, инфекциялық аурулары бар науқастарды жүргізу, емдеу және күтім жасау дағдылары бар ұжым жұмыс істейді. Ауыр науқастарға С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессорлары мен доценттерімен бірлесіп кеңестері мен консилиумдар өткізіледі.
Бөлімшеде аймақтандыру талаптары, қызметкерлердің жеке қорғаныс шаралары және санитарлық-эпидемиологиялық режим сақталады.
Шоқан Бақытбекұлы Ілесбай – бөлім меңгерушісі, жұқпалы аурулар дәрігері, еңбек өтілі 3 жыл.
Балжан Батырханқызы Зайр – бөлімшенің аға-мейірбикесі, еңбек өтілі 12 жыл. 2010 жылдан бастап ҚКЖАА-да жұмыс істейді. Жоғары біліктілік санаты және мейіргер ісі бойынша бакалавр дәрежесі бар. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Грамотасымен», «Алғыс хатымен», сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Мауҗоде Пашиновна Авамуслимова – бөлімшенің шаруа-бикесі, 2012 жылдан бастап ҚКЖАА-да жұмыс істейді. Пандемия кезеңінде COVID-19-ға қарсы күрестегі еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған.
| Наименование услуг | Единица измерения | Сумма (тг.) |
|---|---|---|
| Консультация доктора медицинских наук профессора | 1 прием | 10000 |
| Консультация кандидата медицинских наук доцент | 1 прием | 7000 |
| Консультация инфекциониста высшей категории | 1 прием | 5000 |
| Консультация невропатолога высшей категории | 1 прием | 5000 |
| Консультация гастроэнтеролога высшей категории | 1 прием | 5000 |
| Повторное консультация доктора медицинских наук профессора | 1 прием | 7000 |
| Повторное консультация кандидата медицинских наук доцент | 1 прием | 5000 |
| Повторное консультация инфекциониста высшей категории | 1 прием | 3500 |
| Повторное консультация невропатолога высшей категории | 1 прием | 3500 |
| Повторное консультация гастроэнтеролога высшей категории | 1 прием | 3500 |
| Справка от инфекциониста высшей категории | 1 прием | 3500 |
Приемно-консультативное отделение Городской клинической инфекционной больницы им. И.С. Жекеновой г. Алматы круглосуточно оказывает неотложную консультативно-диагностическую и стационарную помощь больным с инфекционными заболеваниями.